Жамбыл облыстық сотының судьясы Д.Нұрлыбаева кәсіподақтың құқықтық қызметкерлерінің республикалық семинарына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласында «Білім және ғылым саласын реформалау жағдайында қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі кәсіподақтың құқықтық қызметінің міндеттері туралы» республикалық семинар өтті.
Екі күндік семинарға еліміздің барлық аймағынан кәсіподақтың құқықтық қызметінің өкілдері: заңгерлер, құқықтық инспекторлар мен бірқатар аймақтар кәсіподақ төрағалары мен аппарат қызметкерлері, барлығы 40 адам қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – бірқатар аймақтар мен Жамбыл облысының құқықтық қызметінің озық жұмыс тәжірибесін насихаттау, сала қызметкерлері-кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмысында өзара тәжірибе бөлісу, сала қызметкерлерінің құқықтарын соттарда қорғау бойынша тәжірибе алмасу болып табылады.
Жамбыл облыстық сотының судьясы Динара Нұрлыбаева - «Еңбек міндеттерін орындау барысында азаматтың өмірі мен денсаулығына келген залалды өтеумен байланысты сот тәжірибесі» тақырыбы бойынша баяндама жасады.
Судья еңбек міндеттерін орындау барысында азаматтың өмірі мен денсаулығына немесе азаматтың өліміне келген залалды өтеу туралы азаматтық-құқықтық даулардың туындауына ықпал етудің себептерінің басым көпшілігінде талапкерлердің еңбек қарым-қатынасымен байланысты емес, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы жазатайым оқиғадағы кінәнің деңгейі туралы қайғылы оқиғаның саралануымен келіспеушілігі болып табылатындығын атап айтты.
Баяндамада сот тәжірибесіндегі залалды өтеу туралы даулардың мысалдары келтірілді.
                                   
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі