Жамбыл облыстық сотымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдану туралы нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы семинарлық сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға Жамбыл облыстық сотының судьясы С.Төлесбай, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарауға маманданған аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобасын талқылады.
Өз баяндамасында С.Төлесбай әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнаманы қолдану тәжірибесін жетілдіру қажеттілігінен туындаған жобаның өзектілігін және уақытылы әзірленгендігін атап айтты.
Сондай-ақ жобаны талқылап болғаннан кейін, судьялармен соттың Оқу орталығы кабинетінің жаңа жабдықтарымен, яғни интерактивті тақтамен тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Іс-шараның соңында жоба бойынша толықтырулар мен ескертулер қатары айтылып және ол бойынша ұсыныстар енгізілді.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі