Жамбыл аудандық сотында лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану және тонау фактісі бойынша үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 362 бабының 4 бөлігінің 3 тармағымен (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) көзделген қылмыс жасағаны үшін Б.С. және Ж.Х.-ке қатысты және ҚР ҚК-нің 191-бабының 3-бөлігімен (тонау) көзделген қылмыс жасағаны үшін Н.Г.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттарына сүйенсек, 31.10.2016 жылы сағат 21.00 шамасында Тараз қаласы Ішкі істер басқармасының Жол патрульдік полиция батальонының саптық бөлігінің полицейі, полиция аға сержанты Б.С., полиция сержанты Ж.Х., лауазымды адам бола тұра, өзінің құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кетіп, өздерімен басқа адамдар үшін пайда мен артықшылық алу арқылы, қызметтік өкілеттіктерін асыра айдаланып, елеулі түрде жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзылуына әкеп соқтырған.  Ал, Н.Г. ірі мөлшерде тонау – яғни, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бөтеннің мүлкін ашық жымқырып, жәбірленушілерге қатысты ірі мөлшерде тонау жасаған. Яғни,  жәбірленушілердің 1 361 040 теңге ақшалай қаражатын жымқырған.
Сот үкімімен сотталушы Б.С. мен Х.Ж.-ға Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған осы бап бойынша мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмірбойына айыра отырып, меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікін тәркілеп, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып,   жазаларын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленген.
Сотталушы Н.Г.-ға Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған осы бап бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Қазақстан Республикасы «Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 13 желтоқсан 2016 жылғы заңынын 4 бабының 2 бөлігі негізінде Б.С., Ж.Х., Н.Г-ға тағайындалған жаза мерзімінің өтелмеген бөлігі төрттен бірге қысқартылып, түпкілікті өтеу үшін оларға 3 жыл 7 ай 28 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
ҚР ҚК-нің 63-бабының 1, 3-бөліктеріне сай, Н.Г-ға тағайындалған жаза шартты деп есептеліп, оған қатысты пробациялық бақылау тағайындалып, тиісті міндеттемелер жүктелген.
ҚР ҚК-нің 49-бабына сәйкес, Б.С. пен Ж.Х. арнаулы атақтарынан айырылған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі