Жамбыл аудандық сотында «Қылмыстық жаза ретінде тағайындалған айыппұлдарды орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында «Қылмыстық жаза ретінде тағайындалған айыппұлдарды орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға  аудандық прокуратураның прокуроры М.Мыркалыков, Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Н.Турсынов, аға инспектор Қ.Алденов, Жамбыл аудандық Пробация қызметінің  басшысы  Ө.Айманов, Жамбыл аудандық аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы И.Сатыбалдиева, Жамбыл облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының жеке сот орындаушылары Б.Мадибраимов, Д.Каленов қатысты.
Іс шара барысында  Д.Толенбеков 2015,2016,2017 жылдар аралығында қылмыстық жаза ретінде тағайындалған айыппұл жазасының орындалу барысы бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталып, сотталушыға жаза ретінде айыппұл мөлшерін тағайындау барысында, оның жасаған қылмысының ауырлығы, мүліктік жағдайы ескеріле отырып тағайындалатынын атап өтті.
Іс шарада дөңгелек үстелге қатысушылар іс жүргізу заңнамаларының талаптарының сақталуын, сот актілерін мәжбүрлі түрде орындауды, сотталғандардың айыппұлдарды орындамау себептерін, қылмыстық жаза ретінде тағайындалған айыппұлдарды төлеуден жалтарған жағдайда жазасын өтеу басқа түрге ауыстыру мәселелерін талқылады.
іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
 
Қайнар:  Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі