Жамбыл аудандық сотында «Астана күні» атап өтілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында «Астана күні» мерекесіне орай іс шара ұйымдастырылды.
Іс шарада сот төрағасы Д.Толенбеков сот ұжымын «Астана күні» мерекесімен құттықтап, 1994 жылғы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес Қазақстанның астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылдап, кейіннен ол Астана қаласы деп аталғаны туралы атап өтті.
Іс шара соңында төраға еңбектегі табыстары үшін сот мамандары Ж.Имашевқа Жамбыл ауданы Мәслихат хатшысының Мақтау грамотасын, Б.Исаевқа Жамбыл ауданы әкімінің Алғыс хатын салтанатты түрде табыс етіп, денсаулық, табыс, барлық алға қойған мақсаттарына жетуін тіледі.

Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі