Жамбыл аудандық соты 2017 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында 2017 жылдың 3 айында  атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті.
Іс-шарада сот төрағасының міндетін атқарушы Г.Алимкулова,статистикалық мәліметтерді айтты.
2017 жылдың үш айында 21 тұлғаға қатысты 15 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде үкім шығару арқылы 17 тұлғаға қатысты 13 қылмыстық іс қаралған, 4 тұлғаға қатысты 2 қылмыстық  іс медиация тәртібімен аяқталған.
Сот актілерінде Халықаралық конвенцияға  сілтеме жасап 2 қылмыстық іс қаралған.
Есепті кезеңде 123 тұлғаға қатысты 123 әкімшілік іс қаралған, оның ішінде 105 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған, тараптардың татуласуы арқылы 16 іс қысқартылған. Сот актілерінде Халықаралық  пактіге сілтеме жасап 18 әкімшілік  іс қаралған.
Сондай-ақ, 2017 жылда 237 азаматтық іс қаралған,  оның ішінде 125 іс бойынша шешім шығарылған, 86 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 13 азаматтық іс қараусыз қалдырылды, 10 азаматтық іс қысқартылған, оның ішінде медиация тәртібімен 7 азаматтық іс қысқартылған, соттылығы бойынша 3 азаматтық іс жолданған. Сот актілерінде Халықаралық конвенцияға  сілтеме жасап 16 азаматтық іс, Халықаралық  пактіге сілтеме жасап 116 іс, Халықаралық шарттарға сілтеме жасап 102 азаматтық іс қаралған. 
2017 жылдың  3 айында «Сот кабинеті» сервисі арқылы 255  талап арыз қабылданған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 19 мақала, Жамбыл облыстық сотының сайтында 20 материал жарияланды, 1 баспасөз-мәжілісі, 1 брифинг, 6 дөңгелек үстел, 16 семинарлық сабақ, 1 ашық есік күні өткізілген.
Баспасөз мәжілісінің соңында сот төрағасының міндетін атқарушы Г.Алимкулова БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.
          
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі