В Жамбылском областном суде состоялось расширенное совещание по результатам работы судов области за первое полугодие 2017 года

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев, азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағалары Жомарт Рүстембеков, Нұрмұхаммат Абидов, соттар әкімшісі басшысының м.а. Гүзаль Тұрдыева, бөлім басшылары, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, судьялары және кеңсе меңгерушілері қатысты.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев өз сөзінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің қаралу сапасына аса мән беріп, сот төрелігінің сапалы жөнелтілуі бойынша облыс соттарының жұмысына баға берді.
Облыс соттарының сот төрелігін жөнелту қорытындысы бойынша сот алқаларының төрағалары Жомарт Рүстембеков және Нұрмұхаммат Абидов баяндамаларын жасап, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтерді атап, екінші жартыжылдыққа сот төрелегін атқару бойынша біршама тапсырмалар мен ұсыныстар берді.
2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот әдебі комиссиясының атқарған жұмысы бойынша комиссия төрағасы Мейрхан Атибеков баяндады.
Бірінші жартыжылдықтағы соттар жұмысының қорытындысы бойынша рейтинг нәтижелері жайында Соттар әкімшісі басшысының міндетін атқарушы Гүзаль Тұрдыева баяндама жасады.
Кеңес соңында кейбір судьялар медальдар мен құрмет грамоталарымен марапатталды. Облыстық сот төрағасы Рүстем Алшынбаев «ҚР Нотариатына 20 жыл» мерекелік медалімен Жамбыл облыстық сотының судьялары Нұрлан Жұмағұлов пен Оспан Мамытбековты марапаттады. Сондай-ақ «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша 1 орынды иеленген ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының Дипломымен Тараз қаласының №2 соты марапатталады. Жамбыл облыстық соты төрағасының грамотасымен «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» номинациясы бойынша үздік деп танылған Тараз қаласының №2 сотының судьясы Алтыншаш Қорабаева, Еңбек өтілі үш жылға дейінгі судьялардың арасында өткізілген «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот актісі» номинациясы бойынша Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Думан Мәуленов,  2017 жылдың І жартыжылдық қорытындысы бойынша «Үздік медиатор» атанған Тараз қалалық сотының судьялары Газиза Камзиева, Досбол Бейсенбаев,  Байзақ аудандық сотының судьясы Ансабек Назаркулов, Қордай аудандық сотының судьясы Мирагуль Алиманова, сонымен қатар  «Үздік бітімге келтіруші» атанған Тараз қалалық сотының судьясы Бауржан Манкетегі, Шу аудандық сотының судьясы Гүлнар Бөлегенова, Меркі аудандық сотының судьясы Еркін Кенбаев, Байзақ аудандық сотының судьясы Ертай Аккулиев марапатталды.
Жиынның соңында облыстық соттың төрағасы судьяларға дәйекті және жемісті еңбек тілеп, облыстың сот қауымдастығы қойылған тапсырмаларды лайықты шешетіндігіне сенім білдірді.
 
 Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі