Үйден еріксіз шығару туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу аудандық сотында талап қоюшы Н. жауапкер Ж. тұрғын үйден еріксіз түрде мәжбүрлеп шығару туралы азаматтық ісі қаралды.
Н. сотқа аталған талап арызбен жүгініп, жеке меншігінде Шу ауданында орналасқан, 12.02.2010 жылғы сату, сатып-алу келісім шарты бойынша атына тіркелгенін, аталған үйде Ж-дің тұрып жатқанын, кәзіргі кезде үйден өз еркімен шығудан бас тартып отырғанын көрсетіп, Ж-ді  еріксіз түрде  шығаруды сұраған.  Сот талқылау барысында Ж. Н-нің талабын мойындап, оны қанағаттандыруға қарсы болмады.
Сот шешімімен Н-нің талап арызы қанағаттандырылып, Ж. еріксіз түрде үйден шығарылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі