Ұлттық Ұланның әскери қызметкері әкімшілік жауапкершіліктен босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 652-бабының 6-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық бойынша азамат И-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.         
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасына сәйкес 24.03.2017 жылы сағат 17:30 шамасында Тараз қаласының бір әскери бөлімінде әскери қызметкер И. әскери бөлімін командирінің бұйрығын әдейі орындамаған.
Лауазымды тұлғамен әскери қызметкер И-дің іс-әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігімен квалификацияланған, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүддесіне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамау.
Сотпен, құқық бұзушы И-мен әскери бөлімін командирінің мобильдік телефонды қолдануға тыйым салу туралы бұйрығын ашықтан-ашық бас тарту фактісі болмағаны анықталған.
Істі қарау қорытындысы бойынша құқық бұзушы И-ге қатысты әкімшілік іс құқық бұзу құрамы жоқ болуына байланысты тоқтатылды, құқық бұзушы И. әкімшілік жазадан босатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі