Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы Г.Аманбаев 2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша қорытынды шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында 2017 жылдың 3 айында  атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті.
Іс-шарада сот төрағасы Г.Аманбаев,статистикалық мәліметтерді айтты.
2017 жылдың үш айында 29 тұлғаға қатысты 25 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде үкім шығару арқылы 20 тұлғаға қатысты 20 қылмыстық іс қаралған, 6 тұлғаға қатысты 3 қылмыстық  іс медиация тәртібімен аяқталған. Сот актілерінде Халықаралық конвенцияға  сілтеме жасап 2 қылмыстық іс қаралған.
Есепті кезеңде 137 тұлғаға қатысты 137 әкімшілік іс қаралған, оның ішінде 120 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған, тараптардың татуласуы арқылы 17 іс қысқартылған. Сот актілерінде Халықаралық  пактіге сілтеме жасап 88 әкімшілік  іс қаралған.
Сондай-ақ, 2017 жылда 247 азаматтық іс қаралған,  оның ішінде 188 іс бойынша шешім шығарылған, 40 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 14 азаматтық іс қараусыз қалдырылды, 4 азаматтық іс қысқартылған, оның ішінде медиация тәртібімен 3 азаматтық іс қысқартылған, соттылығы бойынша 1 азаматтық іс жолданған. Сот актілерінде Халықаралық конвенцияға  сілтеме жасап 20 азаматтық іс, Халықаралық  пактіге сілтеме жасап 20  азаматтық іс қаралған. 
2017 жылдың  3 айында «Сот кабинеті» сервисі арқылы 230  талап арыз қабылданған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 18 мақала, Жамбыл облыстық сотының сайтында 23 материал жарияланды, 1 баспасөз-мәжілісі, 8 дөңгелек үстел, 5 семинарлық сабақ, 1 ашық есік күні өткізілген.
Баспасөз мәжілісінің соңында сот төрағасы БАҚ өкілінің барлық сұрақтарына жауап берді.
        
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі