Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Медиация татуластыру рәсімі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Медиация татуластыру рәсімі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге аудандық соттың судьясы С.Узбеков, аудандық прокуратураның прокуроры Е.Абдимажитов, аудандық ІІБ-нің қызметкері Е.Советов, аудан әкімінің аппаратының бас маманы Т.Мамырбай, кәсіби емес медиатор Ж.Сулейманов, аудандық заң кеңсесінің адвокаттары Д.Ногайбаева, М.Сатимбеков және «Құлан таңы» газетінің тілшісі М.Диханбаев қатысты.
Дөңгелек үстелде аудан судьясы С.Узбеков ауылда медиация институты жәй бірақ, дұрыс дамып келе жатқанын атап айтты. Өткен жылда медиацияда 57 іс аяқталды. Бүгінгі күнге медиациямен төрт келісім бекітілді.
Медиациямен біткен істердің басым бөлігі жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық, сонымен қатар отбасы, ошақ қасы даулары. Кәзір ауданда кәсіби емес жеті медиатор сәтті жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта медиаторлардың саны өсетіндігі туралы сенім білдірді.
Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар қолданыстағы заңнамаға өзара серіктестікке үміттерін білдірді.
         
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі.