Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы»  тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге аудандық соттың төрағасы Г.Аманбаев, аудандық прокуратураның прокуроры Е.Абдимажитов, аудандық ІІБ-нің қызметкерлері А.Сукенов, Т.Иманкулов, адвокаттар М.Сатимбеков, Б.Примкулов, Б.Макаева  және «Құлан таңы» газетінің тілшісі М.Ержанұлы қатысты.  
Дөңгелек үстел барысында аудандық соттың төрағасы Г.Аманбаев Елбасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты 13 желтоқсан 2016 жылы «Рақымшылық жасау туралы» заңға жария түрде қол қойғанын, бұл рақымшылық шарасы заң бұзған азаматтарға қатысты ізгілік актісі, мемлекет тарапынан мейірімділік пен сенім білдірудің көрінісі болып саналатынын, мемлекет басшысымен елімізде Тәуелсіздік жылдарында 8 рет рақымшылық жасалғанын атап өтті.
Қабылданған рақымшылық заңы, негізінен, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын, кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдерді, кәмелет жасқа толмаған балалары бар әйелдерді, қарт адамдарды, мүгедектерді, сондай-ақ болмашы және ауыр емес қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жазадан босатуды көздейтінін айтты.
Рақымшылық жасау туралы заң, азаматтар түзу жолға түсіп, қоғамнан орнын табуына мүмкіндік беру мақсатында қабылданғанын айтты.
Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар Рақымшылық туралы Қазақстан Республикасы заңының қолданудың тиімділігі туралы  пікір алмасты.
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі