Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Бүгінгі медиатор» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Бүгінгі медиатор»  тақырыбына дөңгелек үстел  өткізілді.
Іс шараға  аудандық соттың судьялары С.Узбеков, Л.Байтленова, аудандық прокуратурасының прокуроры Е.Абдимажитов, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы С.Нурпеисов, КММ «Құлан ауылдық округі әкімі аппаратының»  бас маманы Г.Мурсултанова, аудандық заң кеңсесінің адвокаттары Д.Ноғайбаева, Б.Макаева, Б.Примкулов, кәсіби емес медиаторлар Ж.Сулейманов, С.Егизбаева, жеке сот орындаушы Н.Асубаев және «Құлан таңы» газетінің тілшісі М.Ержанұлы қатысты.
С.Узбеков өз сөзінде ауданда медиация институты дамып келе жатқанын атап, айтылған статистикалық мәліметтерге сай 2016 жылдың қорытындысына сәйкес 30 іс медиация тәртібінін қолданылуымен аяқталса, ал 2017 жылдың бірінші жартыжылдығыңда медиациямен 46 келісім бекітілуі арқылы аяқталғаны туралы айтып кетті.
Медиациямен біткен істердің басым бөлігі онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы санаттар бойынша қылмыстық құқық бұзушылық, отбасы-тұрмыстық қатынастар туралы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша, сонымен қатар неке-бұзу және міндеттемелік шарттардан туындайтын даулар. Дөңгелек үстел қатысушыларына сотқа дейінгі процесс барысында азаматтық дауларды медиация тәсілімен қысқартуға өз үлестерін қосуға шақырды.
Сондай-ақ жеке сот орындаушылардың өндірісіндегі алимент өндіру туралы істер бойынша тәжірибеде медиация тәсілін енгізу туралы ұсыныс берілді.
Іс-шара соңында қатысушылар қолданыстағы заңнамаға өзара серіктестікке үміттерін білдірді.
   
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі