Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Азаматтық іс бойынша жаңартылған қорытуларды талқылау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Азаматтық іс бойынша жаңартылған қорытуларды талқылау» тақырыбында семинар сабағы  өткізілді.
Іс-шараға  аудандық соттың төрағасы Г.Аманбаев және судьялар С.Қалқабаев, С.Узбеков, Л.Байтленова қатысты.
Л.Байтленова өз баяндамасында «Талдау» форумында 71 санаттағы азаматтық істер бойынша жаңартылған қорытулар енгізілгенін айтты.
Сондай-ақ, жаңартылған қорыту құқық қолдану практикасында туындайтын өзекті мәселелерді анықтау және мұндай істерді қарау кезінде жоғары тұрған сот сатылары тарапынан соттардың процессуалдық заң нормаларының сақталуын бақылау мақсатында облыстық соттардың анықтамалары негізінде жүргізілгенін айтып, жаңартылған қорытуларды мәліметке алып, жұмыста қолдану үшін ұсынылғанын атап көрсетті.
Семинар барысында қатысушылар өзара пікір алмасты және тиісті түсініктемелер берілді.
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі