Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары қылмыстық Кодексінен алып тасталынған «Ұрып соғу» және «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабтары бойынша әкімшілік істерді қарауға кірісті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ары қарай мәтін бойынша ҚР ӘҚБтК) 73-2 бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық бойынша азаматша М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.         
Іс-құжаттарымен анықталғаны, М. 14 шілде 2017 жылы сағат 13:00 шамасында Тараз қаласы, Добровольский көшесіндегі үйдің ауласында қайынсіңлісі Т-ға қатысты тән ауруына ұшыратқан күш қолдану әрекетін жасаған.   
Өзінің іс-әрекетімен, құқық бұзушы М. ҚР ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған, яғни тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау.
Істі қарау барысында, М. жасаған іс-әрекеттен өкініш білдірген, өз кінәсін мойындап, Т-дан кешірім сұраған. Т. құқық бұзушыға кешірім жасап, іс өндірісін тоқтатуды сұраған
Сот қаулысымен тараптар өзара татуласуына байланысты әкімшілік іс өндірісімен тоқтатылды.  
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі