Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының сұрақтары талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Б.Джунусов, мемлекеттік қызметшілер бас маман - сот мәжілісінің хатшылары М.Тұрсымбаев, А.Ергебаев, Ш.Исмаилова, бас маман Д.Құрмантаева, сот приставы Қ.Ертаев, іс-жүргізуші У.Рахманбекова қатысты.
Қ.Ертаев өз баяндамасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтінін және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталғанын атап өтті.
Қ.Ертаев семинарда соттағы жемқорлық фактілерін алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұратынын атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, соттағы жемқорлық фактілерін алдын алу бойынша ұсыныстарымен бөлісті.
   
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі