Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындылары бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандадырылған әкімшілік сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдықта сот төрелігін жүзеге асыру бойынша брифинг өткізілді.
Баспасөз-конференцияға сот төрағасының м.а. Қ.Үсембаева және «Еңбекші», «Арай», «Жамбыл-Тараз» жергілікті газеттерінің журналисттері қатысты.
Іс-шара барысында, Қ.Үсембаева 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы 2923 адамға қатысты - 2923 әкімшілік іс қаралған, оның ішінде 33- адам ескерту түріндегі, 1077-адам айыппұл түріндегі, 848-адам қамаққа алу түріндегі, 413-адам көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі, 167-адам Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу түріндегі, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 385 іс қысқартылғанын айтты. Сондай - ақ, жүріп-тұру еркіндігін алдын-ала шектеу туралы 140 материал және ҚР ӘҚБтК-нің 44, 45 тарау бойынша 111 шағым қаралғанын жеткізді.
Іс-шара соңында,  Қ.Үсембаева журналистердің барлық сұрақтарына жауап беріп, брифингке қатысқандарына алғыс білдірді.
 
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі