Тараз қаласы №2 сотында «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласы №2 сотында «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Семинарға Тараз қаласы №2 сотының судьялары мен мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Семинар сабақ барысында судья  А.Ділдабаев ерлер мен әйелдердің тең құқықтары өз баяндамасында, қазіргі уақытта барлық әлемде тарихтан қалыптасқан ерлердің әйелдерге үстемдігі өзгеріске ұшырауда. Өнеркәсібі дамыған және әлеуметтік бағдарлы елдерде  әйелдер өздерінің құқықтары мен мүмкіндіктері бойынша іс жүзінде ерлермен тең дәрежеге жетті.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ерлер мен әйелдердің құқықтарын және заңды  мүддерлерін қорғау аясында белгілі бір үдеріске жетті.
Сонымен қатар, А.Далибаев ерлер мен әйелдердің билік құрылымдарында тең дәрежеде қатысуы, әйелдердің экономикалық тәуелсіздігіне тең мүмкіндіктер қамтамасыз ету, өз бизнесін дамытуға және қызметте өсуге, отбасында тең құқықтар мен міндеттерді атқаруға жағдай жасау, жынысына байланысты зорлықтан еркіндік беру гендерлік саясаттың негізгі бағытарын ерекше атап өтті.
Семинар сабағының соңында қатысушылар аталған тақырып бойынша өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі