Тараз қаласы №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласы №2 сотында қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсету аясында «Ашық есік күн» өткізілген.
Аталған іс-шараны сот төрағасы Н.Жамашов жүргізді.
«Ашық есік күні» сотпен үнемі өткізіліп, олардың мақсаты тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениеттің көтерілуі, сот жүйесіне тұрғындардың сенімін жоғарылату болып табылады.
Берілетін мүмкіншілікпен қала тұрғындары Г.Абдрахманова мен Б.Елубай қолдана алды. Бұл ретте, олардың сұрақтары қылмыстық істердің қаралу мерзімі мен тәртібі, аудио-бейне жазбасымен өткізілетін қылмыстық істерді қарау барысында сақталатын қағидалары мәселесімен қамтылды.
Н.Жамашов қойылған сұрақтарға қылмыстық және қылмыстық- процесуалдық заң нормаларына сәйкес жауап берді.
Іс-шара соңында жүгінушілер сот төрағасына құқықтық көмек және жылы қабылдау көрсеткеніне алғыс білдірді.
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі