Тараз қалалық сотында көктемгі сенбілік өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Көктем шығып, күннің жылынуымен алты ай қыста ақ қардың астында жасырынып жатқан түрлі тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар әшкереленіп, қала көшелерінің ажарын адамкөргісіз етуде.
Ағымдағы жылдың 15 сәуірі күні Тараз қалалық сотының ұжымы дәстүрлі сенбілік шарасын өткізді. Сот төрағасының жетекшілігімен жүргізілген сенбілікте сот ғимаратының айналасы мен жол жиегіндегі қоқыстар тазартылып, ағаштардың артық бұтақтары қалыпқа келтірілді.
Осылайша, Тараз қалалық сотының ұжымы өздерінің әрекеті арқылы туған қаламыздың тазалығы мен көркеюіне әрбір тұрғын өз үлесін қоса алатындығын көрсетті.
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі