Тараз қалалық сотында «Еңбек дауларын сотқа дейін реттеу тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға Тараз қалалық сотының төрағасы А. Ибраев, Тараз қалалық сотының судьялары Нурлыбекова А.А., Манкетегі Б.Қ., Жамбыл облысы адвокаттар алқасынынң адвокаты Мусакулов Р.Р., Жамбыл облысы еңбек инспекция басқармасы басшысының орынбасары Кудайбергенов И.Ш., Жамбыл облысы Ішкі Істер басқармасының заңгер-маманы Издибеков М.,  «Казфосфат» ЖШС-ң заңгері Тян А.В., медиатор Таванов Ш.М қатысты.
Тараз қалалық сотының төрағасы А.С. Ибраев, судьялар А.А. Нұрлыбекова, Б.Қ. Манкетегі еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды, келісім комиссиясының жұмысын   реттейтін заңнамаларға тоқталып, еңбек дауларын сотқа дейін реттеу тәртіптерін түсіндірді.
Жамбыл облысы еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Кудайбергенов И.Ш., өз сөзінде  Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты, еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделері туралы айтып өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар келісім комиссиясының еңбек дауларын сотқа дейін реттеу тәртібі бойынша туындайтын сұрақтарды талқылап, оның жұмысын әрі қарай жақсартуға ұсыныстарымен бөлісті.
                                                                 
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі