Тараз қалалық №2 сотында есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша қылмыстық ісі қаралып аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық №2 сотында  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  296-бабының 1-бөлігімен (есірткі заттарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) айыпталып сотқа берілген Р-ге қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.
17.01.2017 жылы сағат 17.45 шамасында сотталушы Р. Тараз қаласы Локомотивная көшесінің 1-бұрылысынан өтіп бара жатып жерден ішінде ақ-сұр түсті сұйықтықпен толтырылған екі щприці бар түйір тауып алып, дәмін көріп, бұрын-соңды оны ішкі тамырына ине салу арқылы қолданғандықтан оның «героин» есірткі заты екенін білген. Осы уақытта, Р. заңмен тыйым салынғанын біле тұра есірткі затын медициналық емес мақсатта заңсыз тұтынуға ой пайда болған. Аталған қоғамдық жерден кетпестен, Тараз қаласы Локомотивная көшесі 1-бұрылысы №24 үйдің жанында  Р. ішкі тамырына ине салу арқылы «героин» есірткі затын тұтынып, сол жерде полиция қызметкерімен ұсталған.
Тараз қаласы №2 сотының 10.04.2017 жылғы үкімімен қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Р.  ҚР ҚК-нің 296-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 80 (сексен) сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.      
                                                  
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі