Тараз қалалық №2 сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендігі үшін айыптау үкімі шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық №2 сотында  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  106-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) айыпталып сотқа берілген Г.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралып аяқталды.
14 желтоқсан 2016 жылы шамамен 22.00 сағатта Г. өзінің Тараз қаласы Тепловозная көшесінің 2-бұрылысы №8 мекен-жайында орналасқан үйінде В.-мен бірге спирттік ішімдіктер ішкен. Ішу барысында В. Г-ға қатысты балағат сөздер айтып, оның туысқандарына қатысты өзінің көңілі толмайтындығын айтқан. Соның нәтижесінде Г. мен В. арасында сөз таластыру пайда болып, ұрыс барысында В. Г-ның басы мен бетіне жұдырығымен бірнеше соққы жасаған.
Болған жайттың нәтижесінде В. Г-ның денсаулығына жеңіл түрдегі зақым келтірген жаралану және бетінің сырылуы түріндегі дене жарақаттарын келтірген.
Кенеттен пайда болған бас-араздық қатынастардан Г.-да В-ың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруге бағытталған ой пайда болған. Осы мақсатпен Г. В.-ың физикалық белсенділігін сезініп, ас үйіне барып үйде сақтаулы тұрған пышақпен қаруланған. Осыдан кейін Г. В.-ға келіп оның іш-қуысының аймағына пышақпен бір рет соққы жасаған.
Осының нәтижесінде жәбірленуші В.-ға шағын ішегінің зақымдануымен, түйреп кесілген іш жарақаты түріндегі дене жарақаты келтірілген және ол жарақаттар алу кезінде оның өміріне қауіп төндіру негізінде ауыр зиян деп бағаланады.
Тараз қаласы №2 сотының 10.04.2017 жылғы үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Г. ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, 4 (төрт) жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.      
                                               
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі