Талас аудкандық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы нақты әрекеттер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Талас аудандық сотында судья Б.Ә.Жармұхамбетов Талас аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Қалабаевтың, Талас ауданы прокуратурасының прокуроры М.Темиржановтың, Талас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас маманы А.Майкенованың, Талас аудандық ІІБ-нің қызметкері Ә.Панаттың қатысуларымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы нақты әрекеттер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 
Б.Жармұхамбетов өз баяндамасында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша айтып өтті. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп - қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың мемлекеттiк органдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталғандығын атап өтті.
Сондай-ақ Б.Жармұхамбетов мемлекеттік органдардың әр қызметкерлері қызметерін реттейтін барлық заңнамасы мен нормативті құқықтық актілердің талаптарын орындап қана қоймай, сондай-ақ, құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында қажетті шаралар өздігінен қабылдау керектігін атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, соттағы жемқорлық фактілерін алдын алу бойынша ұсыныстарымен бөлісті.
 
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі