Талас аудандық соты 2017 жылдың 3 шілдесіндегі заңдарға енгізілген өзгерістерді қолданып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Талас аудандық сотында жекеше айыптаушы К-ның Л-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (әрі қарай мәтін бойынша ҚР ҚК) 109-бабымен (ұрып-соғу)  қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы қылмыстық іс қаралды.
Сот анықтағандай, К. кәмелетке  толмаған қызы М-ның денсаулығына зиян келтіргені үшін  Л-ны  жеке айыптау тәртібімен ҚК-нің 109-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылдың 3 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 6-тармағына сай, 109-бап ҚР ҚК-нен алып тасталып, әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген. Аталған заң 2017 жылдың 14 шілдесінен қолданысқа енгізілген.
Сот қаулысымен аталған заңның қолданылуымен сотталушының жасаған іс –әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын заң қолданысқа енгізілгендіктен,  қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.     
Сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі