Суық қару қолдана отырып қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293 бабының 3 бөлігінің 2 тармағында (бұзақылық) көзделген қылмыс жасағаны үшін И. Ш.- ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттарына сүйенсек, 14.08.2016 жылы шамамен сағат 19.00-де сотталушы И.Ш. қоғамдық орнында бола тұра, мінез-құлық нормаларын ескермей, қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолдану қатерін төндіріп, барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен И.Р.–ға дөрекілік көрсетіп, жанжал шығарған. Соңынан сотталушы И.Ш. қалтасынан пышақ тәріздес затпен, яғни суық қару қолдана отырып жәбірленуші И.Р-ның оң жаңбасынан бір рет ұрып, жерге құлатып сол жаңбасына тағы бір рет ұрып, аса  қатыгездікпен бұзақылық жасаған.  
Соттың үкімімен И.Ш. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  293-бабының 3-бөлігінің 2 тармағымен кiнәлi деп танылып, оған осы бап бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі