Студенттер Талас аудандық сотының жұмысымен танысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Талас аудандық сотында  Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерінің қатысуымен Ашық есік күні өтті. 
Іс–шара аясында кеңсе меңгерушісі А.Қалабаев студенттерді сот ғимаратындағы сот отырысы залдары мен сот мамандарының қызметтік кабинеттерін аралатып таныстырып, оларға кіріс және шығыс хат–хабарларды тіркеу кеңсесінің жұмысымен, «Төрелік» ақпараттық жүйесімен және Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерімен таныстырды.
Сонымен қатар,  кеңсе меңгерушісі А.Калабаев студенттерге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі»  туралы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметке кіру тәртібін түсіндірді.
Соңында судья Б.Жармұхамбетов пен  кеңсе меңгерушісі А.Калабаев студенттердің  сот жұмысы бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.
                                             
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі