«Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Тараз қалалық сотында «Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Жамбыл облыстық сотының судьясы А.Есенбай, сот төрағасы А.Ибраев, Тараз қалалық сотының судьялары, Байзақ аудандық сотының судьясы  С.Умралиев, Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Б.Сарсенбиева, Тараз қаласының әкімшілік мамандандырылған сотының судьясы Д.Мауленов қатысты. 
Дөңгелек үстелге қатысушылар сотқа құрметтемеушілік білдіру, ол сотқа қатысушылар сотқа келуден немесе өз мiндеттерiн орындаудан дәлелді себептерсіз жалтарғанда, егер процесті олардың қатысуынсыз жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, сот мәжілісінде төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаған жағдайда, сот мәжілісі кезінде тәртіп бұзған жағдайда, басқа да, сотқа айқын құрметтемеушілік әрекеттер болған жағдайдағы іс-әрекеттер үшін ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабы негізінде тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылу қарастырылғаны туралы талқылады.
Дөңгелек үстел шеңберінде қатысушалар өзара пікір алмасты. Аталған тақырыптың мәселелері талқыланып, оларды шешудің тиімді жолдары қаралды.
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі