Сот үкімімен зорлаушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қылмыстық қудалау органымен 37 жастағы Б. ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі-120-бабының 4-бөлігімен /2013 жылғы жағдай бойынша/, (Зорлауға, яғни жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, көрінеу жас балаға қатысты жыныстық қатынас жасауға оқталу), ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен, (Көрінеу жас балаға қатысты күш қолдану, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалану арқылы сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасау), 99-бабының 2-бөлігінің 3,10,14-тармақтарымен (Адам өлтіру, яғни кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамды, басқа қылмысты жасырып жеңілдету мақсатымен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерімен ұштасқан басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуды көрінеу жас балаға қатысты жасау) айыпталып сотқа берілген.
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2019 жылғы 13 қарашадағы үкімімен  Б. 2019 жылы 24 сәуірде көрінеу жас бала Б-ны кездестіріп, оның сеніміне кіріп, қылмыстық мақсатта үйіне апарып, күш қолданып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасағаны. Содан кейін, Б. өзінің аса ауыр қылмысы әшкере болатынын біліп, қылмысын жасыру мақсатында, дәрменсіз күйдегі көрінеу жас баланы құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату туралы шешім қабылдағаны. Б. көрінеу жас бала Б-ның сол жақ самай тұсынан бірнеше рет ұрғаны. Оның өлгеніне көзін жеткізген соң, мәйітті қаптың ішіне салып, велосипедпен алаңқай жерге апарып, оны өртеп жібергені үшін кінәлі деп танылды.
Сотта сотталушының кінәсі жәбірленушінің заңды өкілінің, куәлердің жауаптарымен, сот-медициналық, сот өрт-техникалық, сот-трасологиялық, сот-қолтаңбалық сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді.
Сот үкімімен Б-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқарудан өмір бойына айырыла отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы, оның алғашқы 5 (бес) жылын қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемесінде, ал қалған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеу тағайындалды.
ҚР Қылмыстық іс-жүргізу Кодексінің 91-бабының 1-бөлігінің 5-тармағына, 98-бабының 1-бөлігіне сай, жазасын өтеу орнында Б-ға химиялық кастрациялау түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі