«Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы» тақырыбында семинар-кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотында сот ғимаратына кіру – шығу тәртібінің қатаң сақталуын және сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарын болдырмау, оның алдын алу мақсатында «Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы» тақырыбында семинар кеңес өткізілді.
Аталған іс-шараға  кеңсе меңгеруші А. Узбекова, "Күзет" қорғауының қызметкерлері қатысты.
Кеңсе меңгерушісі семинар қатысушыларының назарын сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы жөніндегі арнайы қағиданың талаптарына аударды.
Семинар кеңесті қорытындылай сот ғимаратында сыбайлас және басқа да келеңсіздіктерді болдырмауда бүгінгі шараның маңызы зор екені айтылып, сотқа келушілердің аталған заң талаптарына бағынуын қатаң түрде қадағалауды күзет қызметкерлеріне тапсырылды.
Шара соңында қатысушылар пікір алмасты. 
 
Қайнар: Байзақ  аудандық сотының баспасөз қызметі