Сот банктік шарт бойынша қарыз өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Тараз қалалық сотында талап қоюшы "Банк"АҚ жауапкер А.-тан қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу арқылы қаралды.
"Банк"АҚ өз талап арызында А.-мен арасында 30.04.2013 жылы кредит беру туралы келісім шарт жасалған. Кредит шеңберінде 30.04.2013 жылғы банктік қарыз шарты бойынша талап қоюшы жауапкерге 477 600 (төрт жүз жетпіс жеті мың алты жүз) теңге қарыз ақшаны мерзімі 48 айға берген. Алайда, А. қарызды төлемей, банктік қарыз шарты бойынша өзіне алған міндеттемені бұзған. Қазіргі таңда А.-нің қарызы 746 086 (жеті жүз қырық алты мың сексен алты) теңге құрайды.
Сот шешімімен талап-арыз толығымен қанағаттандырылды. «Банк» АҚ-нің пайдасына А.-тан 746 086 (жеті жүз қырық алты мың сексен алты) теңге қарыз, 22 383 (жиырма екі мың үш жүж сексен үш) теңге көлемінде мемлекеттік баж алымы өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне еңген жоқ.
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі