Шу аудандық сотында «Мемлекеттік қызметкердің әдеп кодексі. Сот қызметкеріне қойылатын талаптар» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу аудандық сотының кеңсе қызметкерлерінің арасында «Мемлекеттік қызметкердің әдеп кодексі. Сот қызметкеріне қойылатын талаптар»тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Семинар сабағын кеңсе менгерушісі Р.Бекетова ашып, бас маман - сот отырысының хатшысы Ж.Арыкбановаға сөз берді.
Іс шара барысында бас маман – сот отырысының хатшысы Ж.Арыкбанова Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидалары туралы айтып, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындықтан мемлекеттік қызметшілердің моральдық - әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятынын жеткізді.
Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Сонымен қатар, құқығы бұзылып, әділдік іздеп сотқа жүгінген азаматтардың сенімінен шығу үшін сот кеңсесі мамандарының кәсіби білімі мен біліктігі жоғары болып, үлкен мәдениет пен парасат иесі болуы қажеттігін атап өтті.  
                                                                                                       
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі