Шетел азаматы басқа нөмірмен көлік жүргізгені үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Меркі аудандық сотында ӘҚБтК-нің 590-б. 4-б. (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша Қырғыз Республикасының азаматы Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықтағандай, 2024 жылдың наурыз айыңда Андас батыр ауылында, «Сыпатай батыр» шекара бекетінде Т. басқа көлік құралына тиесілі жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен көлік құралын басқарған.

Сотта азамат Т. өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініш білдіріп, соттан қатаң жазаламауды сұрады.

Әкімшілік құқық бұзушылықты қасақана жасау фактісі мойындау түсініктемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы және МТНБ алып қою хаттамасымен, сондай-ақ полиция қызметкерінің баянатымен дәлелденді.

ӘҚБтК-нің 590-б. 4-б. санкциясында көрінеу жалған немесе жалған МТНБ-мен көлiк құралын басқарғаны үшін 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу және 1 жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сот қаулысымен Т. ӘҚБтК-нің 590-б. 4-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі