Сарысу аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық соты Н-ға қатысты,  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139 бабы (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қылмыстық істі қарады.
Іс материалдарынан Н-ның  11.11.2011 жылдан бастап 18.05.2017 жыл аралығында сот бұйрығы бойынша Ф-ның  пайдасына баласын күтіп-бағу үшін  қаражат төлеуден жалтарып, көрсетілген уақыт аралығында жәбірленушіге 1 505 737 (бір миллион бесжүз бес мың жеті жүз отыз жеті)  теңге материалдық шығын келтіргені анықталған. 
Басты сот талқылауында Н. жасаған қылмысын толық мойындап, қазіргі уақытта істеген ісіне шын жүректен өкінетінін және Ф-мен медиация тәртібімен татуласқандықтарын айтты. Ф. болса Н.-мен медиация тәртібімен татуласқандарын қуаттап, оны қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.
Соттың қаулысымен тараптардың өзара медиация тәртібімен татуласуына  байланысты,  қылмыстық іс өндірісімен тоқтатылды. 
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі