Сарысу аудандық сотында «Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық сотының судьясы Д.Төленбеков Сарысу аудандық ІІБ-нің ғимаратында «Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында семинарлық сабақ өткізді.
Іс-шараға судья Д.Толенбеков, БАҚ-ның өкілі Г.Байбосынова, аудандық ІІБ-нің, жергілікті полиция қызметкерлері мен сот кеңсесінің жетекші маманы С.Асқарбекова қатысты.
Судья Д.Төленбеков өз баяндамасымен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 802-бабына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшін жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалары арқылы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн уәкiлеттi лауазымды адамның тiкелей анықтауы, құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар себептер болып табылатынын айтты. Сондай-ақ, судья іс материалдарында ҚСжАЕКБ мәліметтерінің, психикалық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалардың, жұмыс орнынан, тұрғылықты жерінен мінездемелердің және іс жүргізуге қатысушыларды сипаттайтын басқа да деректердің болмау фактілеріне қатысушылардың назарын аударды.
Сонымен қатар, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы оған уәкiлеттiк берілген лауазымды адам жазбаша нысанда жасайтынын, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада хаттама жасалған күнi мен орны,  хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні, өзіне қатысты ic қозғалған тұлға туралы мәлiметтер әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi көрсетіле отырып әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс хаттама толтырылған күннен бастап 3 күннің ішінде сотқа жолдануы тиістігін  айтты. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 30-тарауында қарастырылған құқық бұзушылықтардың санатына жан-жақты тоқталды.
Семинар сабақ соңында  судья Д.Толенбеков  әкімшілік құқық бұзушылық  туралы іс бойынша хаттамаларды толтыру барысында жергілікті полиция қызметкерлерінің  тарапынан  жол берілген заң бұзушылықтарды  атап,  ол бойынша шығарылған жекеше қаулылар бойынша іс-шаралар мен жұмыстар жеткілікті түрде атқарылмай отырғанын басып айтты.
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі