Сарысу аудандық сотында 2017 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға соттың төрағасы  Н.Андабеков,  кеңсе меңгерушісінің м.а. С.Асқарбекова,  жергілікті «Сарысу» газетінің  тілшісі  С.Есқараев қатысты.
Брифинг барысында  Н.Андабеков 2017 жылдың 1-жартыжылдығында сотпен атқарылған жұмыстардың қорытындысын мәлімдеді.
2017 жылдың 6 айында аудандық сотпен барлығы 587 азаматтық іс қаралып, 185 шешім, 361 сот бұйрығы шығарылған, 7 азаматтық іс бітімгершілік келісіммен,  13 азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталған.
Есепті кезеңде 66 тұлғаға қатысты -57 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 39 тұлғаға қатысты - 31 үкім шығарылып, медиатордың қатысуымен - 23 қылмыстық іс тоқтатылған.
Есепті кезеңде әкімшілік істер бойынша 59 тұлғаға қатысты - 59 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде - 4 әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылған.
2017 жылдың  алты  айында бұқаралық ақпарат құралдарында  45 мақала жарияланған.
Іс-шара соңында  Н.Андабеков негізгі жұмыс азаматтық істердің сапасын арттыруға, талап арыздарды себепсіз қараусыз қалдыру фактілерін болдырмауға және азаматтық даулардың басым бөлігін сотқа жеткізбей, бітімгершілік немесе медиация тәртібімен реттеу тәсілдерін жергілікті тұрғындар арасында кеңінен насихаттап, түсіндіруге бағытталғанын атап өтті. 
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі