Сарысу аудандық сотында 2017 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Н.Андабеков және «Сарысу» газетінің  тілшісі С.Есқара  қатысты.
Брифинг барысында  соттың төрағасы  Н.Андабеков 2017 жылдың 1-тоқсанында сотпен атқарылған жұмыстардың қорытындысын мәлімдеді.
2017 жылдың 3 айында аудандық сотпен 21 тұлғаға қатысты 21 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде 15 тұлғаға қатысты 11 айыптау үкімі шығып, 5 қылмыстық іс бойынша 5 тұлғаға қатысты іс медиация тәртібімен тоқтатылған.
Есепті кезеңде 39 тұлғаға қатысты 39 әкімшілік іс қаралып,  36 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған. Медиация тәртібімен 3 әкімшілік  іс тоқтатылған.
Сондай-ақ, есепті кезеңде барлығы 221 азаматтық іс қаралып, 90 шешім, 29  сот бұйрығы  шығарылған, 2 арыз қараусыз қалдырылған, дауды медиация тәртібімен реттеу арқылы  3 азаматтық іс, татуласу келісімі арқылы 4 азаматтық іс тоқтатылған.
2017 жылдың үш айында бұқаралық ақпарат құралдарында 21 мақала жарияланған.
Есепті кезеңде «Сот кабинеті» сервисі арқылы 214  талап арыз қабылданған, 382 SMS хабарламалар тараптарға жолданған.
Брифинг соңында сот төрағасы «Медиация туралы» Заңның жалпы ережелерін, медиация - дауы бойынша қызығушлығы жоқ үшінші тұлға – медиатордың қатысуымен құқықтық дауларды шешудің баламалы түрі болып табылатынын айтты. Екі тарапты қанағаттандыратын өзара тиімді және тату келісімге келу, сотқа дейінгі даудың санын азайтып сот жұмысын жеңілдететінін айтып өтіп, тілші тарапынан жоғарыда аталған заң бойынша қойылған сауалдарға жауап берді.
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі