Санкциялаудағы өзекті мәселелер

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мойынқұм аудандық сотында «Сотқа дейінгі тергеудің және процестік құжаттарды дайындаудың сапасын арттырудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесуге аудандық соттың төрағасы Б.Далибаев, судья Д. Жолболдиева, прокурор С. Аширметов, аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушілері мен анықтаушылары қатысты.
Іс-шараны аша отырып, сот төрағасы Б.Далибаев мүлікке тыйым салуды санкциялау және соттың санкциясынсыз жүргізілген тінтудің, жеке тінудің, қараудың заңдылығын тексеру тәртібі, қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, Қылмыстық-процестік кодекстің нормаларын дұрыс қолдануға ерекше назар аударып, сотқа қарауға жіберілетін істердің заңдылығы мен негізділігіне прокуратура және полиция бөлімі басшылығының тарапынан қатаң бақылау қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде судья Д. Жолболдиева жеткілікті негізсіз, заң талаптары сақталмай, күдікті адамды күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы сот алдында қозғалған өтінішхаттар заң талаптарына сәйкес қанағаттандырудан бас тартылуға жататынын атап өтті.
Қортындылай келе қатысушылар тергеу судьясымен санкцияланатын процестік құжаттарды дайындау сапасы бойынша мәселелер талқылап, өзара пікір алмасып, қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптар алды.
 
Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі.