Пилоттық жоба аясында дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық соты талап қоюшы Т.Б-ның жауапкер А.Б-қа қатысты некені бұзу туралы талап арызы қаралды.
Істі сотқа әзірлеу барысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу келісімінің шарттары түсіндірілді.
Судья-медиатордың қатысуымен тараптар келісімге келіп, талап қоюшы Т.Б-ның жауапкер А.Б-қа неке бұзу туралы азаматтық істі өндірісімен қысқартуды сұраған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 277-бабына сәйкес, егер тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келіп және ол сотпен бекітілсе сот іс бойынша өндірісті тоқтатады.
Сот ұйғарымымен аталған іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірісімен тоқтатылды.
681 (алты жүз сексен бір) тенге мөлшеріндегі мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
                                                                       
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі