Өткізілген тренинг жайында басты соттың істі қарауының жалпы сұрақтары бойынша

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасымен басты сот талқылауының Жалпы жағдайлары бойынша тренинг өткізілді.
Облыстық соттың қылмыстық істер бойынша алқа төрағасы Н.М.Абидовпен, сот талқылауының маңыздылығы мен болмысы жайындағы сұрақтар жарықтандырылды.
Басты сот талқылауы қылмыстық істер бойынша сот төрелігі жүзеге асатын, қылмыстық процестің шешуші кезеңі екендігіне назар аударылды.
Тренингтің екінші жартысында, қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған, қатысып отырған судьяларға, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 42 бабымен реттеліп, алдын ала дайындалған сұрақтарға жауаптар беру ұсынылды.
Ситуациялық сұрақтарды талқылау процесінде, қалалық және аудандық соттардың судьялары қылмыстық-процессуалдық заңнаманың арнайы және жалпы нормалары бойынша өздерінің білімдерін көрсетті.
Процеске қатысушы тараптардың біреуінің келмей қалған кезіндегі судьяның әрекеттері (мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы, сотталушы және жәбірленуші), басты сот талқылауында төрағалық етушінің өкілеттіктері, сотқа сыйламаушылық таныту сұрақтарын қарауды қоса алғанда және т.б. талқылаудың тақырыбы болды. Тәжірибеде туындайтын сұрақтар бойынша процессуалдық заңнаманы қолдануда, айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар судьялар, жас судьялармен және жаңадан тағайындалған судьялармен ой бөлісуге мүмкіндіктері болды.
Тренингтің қатысушыларынан нақ осындай форматта іс-шараның барлық қатысушылары сұрақтарды қарауға ұсынылатын талқылауға қатысқан кезде, оқыту семинарларын және тренингтерді өткізудің қажеттілігі жайында ұсыныстар түсті.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі