Отбасыны медиативті келісім бекіту арқылы сақтау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу аудандық сотында талапкер Д-ның. жауапкер К-қа неке бұзу туралы азаматтық  ісі қаралды.
Д. өзінің талап арызында К-тың араларындағы некені мінездері жараспаған соң бұзуды сұрады.
Сот барысында тараптар  медиатордың көмегіне жүгініп, келісім жасады. Онда  тараптар  татуласып, отбасын сақтап қалуды шешті, ал талап қоюшы өз арызынан бас тартады.
Сот тараптарға Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік көдексінің 278 бабының 2 бөлігінің салдарын түсіндірді.
Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе, іс бойынша іс жүргізуді қысқартылады.
Сот ұйғарымымен азаматтық іс өндірісімен қысқартылған.
681 (алты жүз сексен бір) теңге төленген мемлекеттік баж Д-ға қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне еңген жоқ.
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі