Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі арқылы қарыз өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық сотында талап қоюшы «Банк» АҚ-ның жауапкер К.-дан қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды.
Өз талап арызында «Банк» АҚ мен К. арасында 28.01.2016 жылы несие беру туралы келісім шарт жасалған. Несие шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша «Банк» АҚ-ы  К-ға 244 980 (екі жүз қырық төрт мың тоғыз жүз сексен) теңге қарыз ақшаны 12 ай мерзімге берген. Алайда, К. банктік қарыз шарты бойынша көрсетілген мерзімде қарызын төлемей, өзіне алған міндеттемені бұзған.
Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, «Банк» АҚ-ның пайдасына жауапкер К.-дан 230 137 (екі жүз отыз мың жүз отыз жеті) теңге қарыз және 6 904 (алты мың тоғыз жүз төрт) теңге көлемінде мемлекеттік баж алымы өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне еңген жоқ.
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі