Меркі аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтарды қабылдауды соттың төраға міндетін атқарушы  Р.Разаков  жүргізді.
Аталған іс- шараға Екпінді аулының тұрғыны С.Бошқұлов қатысып, жылжымайтын мүлікке қатысты даулар бойынша сұрақтарын қойды.
С.Бошқұловтің қойылған сұрақтарына Р.Разаков қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасала отырып, толыққанды жауаптар берілді.
Осындай шаралар халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сот жүйесіне азаматтардың сенімін жоғарлату, әділ сот төрелігіне деген қолжетімділігін арттыру мақсатында өткізіледі.
 
Қайнар: Меркі  аудандық сотының баспасөз қызметі