Меркі аудандық сотында 2017 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы міндетін атқарушы Р.Разаков пен «Меркі ақиқат» газетінің тілшісі А.Жасыбаева қатысты.
Брифинг барысында Р.Разаков аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың қорытындысын мәлімдеді. 2017 жылдың 6 айында аудандық сотпен - 137 тұлғаға қатысты - 130 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде 67 тұлғаға қатысты - 62 үкім шығып, 24 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған.
Есепті кезеңде 348 тұлғаға қатысты - 348 әкімшілік іс қаралған, оның ішінде 335 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған. Медиация тәртібімен 9 іс қаралған.  
Сондай-ақ, есепті кезеңде барлығы - 709 азаматтық іс қаралып,  олардың ішінде 455 шешім , 154  сот бұйрығы шығарылған, 40 арыз қараусыз қалдырылған, дауды медиация тәртібімен реттеу арқылы - 41 азаматтық іс қаралған.
«Сот кабинеті» арқылы - 675 талап арыздар, 348 әкімшілік материалдар түскен.
Іс- шара   соныңда  Р.Разаков  БАҚ- ның өкіліне өз алғысын білдірді.
 
Қайнар: Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі