Меркі аудандық соты мүлікті қайтару немесе мүліктің құнын қайтару туралы азаматтық істі пилоттық медиация арқылы қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі аудандық сотына И. жауапкер Г-ға қарыз өндіру туралы арызымен жүгінді. Сотпен істі қарауға дайындық барысында, тараптарға пилоттық жобаға қатысу жөнінде өз ұстанымдарын білдіруін ұсынылған.
Сот медиациясының рәсімдерін өткізу нәтижесінде тараптар арасында жазбаша келісімін қабылданып сотқа ұсынылған. Медиативтік келісімге сәйкес, Г. 2017 жылдың шілде айының 14 жұлдызына дейін өз еркімен дені сау екі жасты 14 (он төрт) бас қойды және 1 (бір) жылқыны қайтаруға міндеттеме алған, ал И. болса Г-ға қойған талаптарынан бас тартады. Тараптар соттан дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін бекітіп, істі өндірісімен қысқартуды сұраған.
Сот отырысында тараптарға егер тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және сот оны бекітсе, іс бойынша іс жүргізуді тоқтататылатыны туралы түсіндірдрілді.
Сот ұйғарымымен азаматтық іс қысқартылды.
Төленеген мемлекеттік баж 11 200 (он бір мың) теңге мөлшерінде бюджеттен талап қоюшыға қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі