Мектеп директоры жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарысу аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 314 б. 1 б. (Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз жүргiзу) бойынша азамат К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, 2024 жылдың қаңтар айында Төтенше жағдайлар бөлімімен өрт қауіпсіздігін тексеру барысында аудандағы білім беру мекемелерінің бірінде заң бұзушылықтар, яғни бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасынсыз қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілгені анықталған.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-б. 1-б. сәйкес объектілер мен олардың кешендерін салу (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Сотта мектеп директоры К., өзінің кінәсін толық мойындап, жөндеу жұмыстары мектеп ғимаратында қосымша кабинеттер ашу мақсатында жүргізілгенін айтып көрсетті.

ӘҚБтК-нің 314-б. 1-б. сәйкес, Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз жүргiзу бойынша - жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – 40, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 400, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 700 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сот қаулысымен К., ӘҚБтК-нің 314-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 147 мың теңгеден астам сомада әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі