Медиацияның көмегімен өзара бітімгершілік жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотында талап қоюшы Н. жауапкер С. пен  некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.
Сот істі алдын ала қарау барысында тараптар дауды екі жаққа пайдалы шартармен аяқтауға келісіп, жауапкер С. отбасын сақтап қалу үшін қажетті шараларды қолға алатынын атап көрсетіп, талап қоюшы Н. некені бұзу туралы талап қою арызынан бас тартты.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процессуалдық кодексінің 277 бабына сай, егер тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келіп және ол сотпен бекітілсе сот іс бойынша өндірісті тоқтатады.
Соттың ұйғарымымен, некені бұзу туралы азаматтық ісі бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.
681 (алты жуз сексен бір) тенге мөлшеріндегі мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енбеген.
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі