Медиация тәртібімен келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі мәтін бойынша ҚР ҚК) 189-бабының 1-бөлігімен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алумен) айыпталған Ж-қа қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Сотта анықталғаны, сотталушы Ж. 03.05.2017 жылы сағат 23:00 шамасында Т.Рысқұлов ауданының Қайынды ауыл округіне қарасты «Ал-Баур» мал шаруашылығында бақташы болып жұмыс істеп жүріп, сеніп тапсырған қорадағы малдарының ішінен А. тиесілі жалпы құны 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңгені құрайтын үш бас қойды ГАЗ-3507 маркалы автокөлікпен өзінің құрдасы Б. қорасына қойып, жәбірленуші А.-ға жалпы құны 120 000 теңге мүліктік залал келтірген.
Басты сот талқылауында А. Ж-мен медиация тәртібімен татуласып, Ж. келтірілген зиянның есесін толығымен толтырғанына байланысты, оны қылмыстық жауаптылықтан босату, қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш берген.
11.07.2017 жылғы сот қаулысымен ҚР-ның ҚК-нің 189-бабының 1-бөлігімен Ж-ға қатысты қылмыстық іс ҚР-ның ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, келтірілген зиянның есесін толтырғанына байланысты қысқартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі