Материалдық дау медиация тәртiбiмен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мойынқұм аудандық соты талап қоюшы Е.-нің  жауапкер Е.-ге  қойған көлік оқиғасы салдарынан келген залалды өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық ісін қарады.
Сот мәжілісінде судья медиатордың  көмегімен талап қоюшы Е. мен жауапкер Е.   дауды медиация тәртiбiмен реттеу туралы келiсiмге келіп, оның шарттары бойынша жауапкер Е. талап қоюшы Е-ге көлік оқиғасы салдарынан келген 543 811 теңге 80 тиынды  10.04.2018 жылға дейін қайтарып беруге міндеттенді.
5439 теңге көлеміндегі төленген мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.             
                  
Қайнар: Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі