Маскүнемдіктен емделуге мұқтаж тұлға наркологиялық мекемеге мәжбүрлеп емделуге жолданды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Меркі аудандық  сотында «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық наркологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорыны» азамат П-ны наркологиялық мекемеге мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды. Өз арызында арызданушы П-ны 2017 жылдан бері наркологиялық диспансерде тіркеуде тұрғанын және бернеше  рет емделгендігін  көрсеткен. 27.06.2017 жылғы медициналық қорытындыға сәйкес маскүнемдікпен ауыратындығы және арнайы наркологиялық мекемеде мәжбүрлеп емделуді қажет ететіндігі көрсеттілген.
03.07.2017 жылғы сот шешімімен арыз толығымен  қанағаттандырылды. П. алты айға наркологиялық мекемеге маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Меркі аудандық сотының  баспасөз қызметі